"Ұлы спортшы емес". Конор Макгрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовты сынға алды

7 желтоқсан 2021 06:10
©AP photo

UFC промоушнының бұрынғы чемпионы Конор Макрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың қандай спортшы екенін айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Ол тек бірнеше аптаға ғана үздік спортшы болды. Карьерасын аяқтай салысымен бірден рейтингтегі орнын сақтап қалуын жалынып сұрады. Хабиб сөзсіз мықты файтер, бірақ ұлы спортшы емес. Пайыздық көрсеткіш бойынша оның нокауттары аз. Аяқпен дұрыс тебе алмайтын. Салмақ дәрежесін де өзгертуге тырыспады", - деп жазады ирландиялық ММА шебері өзінің twitter парақшасында.

Еске салайық, 2018 жылы UFC 229 турнирінде Хабиб пен Конор кездесіп, Нурмагомедов чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Жарақатынан айығып жатқан ирландиялық спортшы әлі де жекпе-жектер өткізуге дайын болса, Хабиб өткен жылы кәсіпқой карьерасын аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: