Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
Бапкер Джеймс Краузге қатысты даулы оқиғаға қатысы бар деген айыппен Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NAC) UFC ұйымында өнер көрсететін Джефф Молинаны жарыстардан шеттеді, деп хабарлайды Sport 24.
ESPN мәліметінше, Крауздің спортық жарыстарға бәс тігетіндермен қатысы бары анықталды. Ол бапкерлік қызметі арқылы қолжеткізген ақпараттарды инсайд ретінде ұсынып отырған, онымен қоса, кейбір жекпе-жектердің өзіне ыңғайлы етіп аяқталуына ықпал жасаған деп айыпталуда.
NAC тергеу уақытына Молинаны UFC файтерлері тізімнен шығарып тастады. Ал промоушеннің өзі спортшымен келісімшартты әзірге үзген жоқ.
Еске салайық, Молина 2022 жылы шілдеде қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен айқасқа шығып, төрешілердің бөлек шешімімен - 29:28, 28:29, 30:27 жеңіске жеткен болатын.
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар
@vestisport @vestikzsportVesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport
Жарнама
Загрузка матч-центра...
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама