UFC-де жұдырықтасатын ресейлік файтер Забит Магомедшариповтың ауырту тәсілі 2018 жылы үздік деп танылды. Бұл туралы ұйымның Twitter-аккаунттінде жарияланған.
UFC 228 турнирінде Магомедшарипов америкалық Брэндон Дэвисті аяғына ауырту тәсілін қолданып жеңген. UFC-де бұл тәсілді 2018 жылдағы ең мықты деп таныды.
Ресейлік UFC-де 2017 жылдан бастап жұдырықтасып келеді. Ұйымдағы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңген. Келесі кездесуін спортшы 2 наурыз Джереми Стивенске қарсы өткізеді.
Жарнама