MMA
6 желтоқсан 2022 21:58

UFC ұйымының екі дүркін чемпионы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді

©twitter.com/TJDillashaw

Ең жеңіл салмақта UFC ұйымының екі дүркін чемпионы Ти-Джей Диллашоу (17-5) промоушеннің басшыларына карьерасын аяқтайтыны туралы хабарлады, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Ти-Джей Диллашоу допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілген болатын. Содан соң ол қайта бабына келе алмады. Спортшының агенті Тики Госн да Ти-Джейдің карьерасын аяқтайтынын растады. 

Карьераны аяқтауға Диллэшоуға денсаулығы себеп болған секілді. Қазан айында ол UFC 280 турнирінде өнер көрсетіп, америкалық Алджамейн Стерлингтен екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. Сәуір айының соңында файтер Даниэль Кормьеге берген сұқбатында жаттығу кезінде иығын 20 рет шығарып алғанын айтты. 

Еске салайық, Диллашоудан допинг 2019 жылдың қаңтарында Генри Сехудомен кездесуден кейін анықталды. Содан соң ол карьерасын өткен жылдың шілде айында қайта бастаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport