Бұрынғы файтер америкалық Дон Фрай UFC 270 турнирінде өзге екі көрерменмен ерегесіп қалды, деп хабарлайды sports.ru.
TMZ ұсынған видеода 56 жастағы Фрай көрермендердің бірін ұрып жібергені анық көрінеді. Жас жігіттер бұрынғы спортшымен шекісіп тұрғанын білмеген сияқты.
Ал UFC 270 турнирінің басты айқасында Фрэнсис Нганну отандасы Сирил Ганды жеңіп, ауыр салмақтағы чемпиондығын қорғап қалды.
Дон Фрай UFC ұйымында 1996 жылы жұдырықтаса бастады, сондай-ақ, ол Pride промоушеніне де өнер көрсетті.