UFC ұйымының бұрынғы файтері 34 жасында қайтыс болды

12 қыркүйек 2022 15:56
©fight.ru

UFC ұйымының бұрынғы файтері канадалық Элиас Теодор бауырдың қатерлі ісігінен кейін 34 жасында қайтыс болды. Ол аралас жекпе-жекте 16 кездесуде жеңіске жетіп, үш мәрте жеңілген, деп жазады журналист Игорь Лазорин телеграм-арнасында. 

Теодор аралас жекпе-жекте 2011 жылдан бері өнер көрсеткен. 

UFC ұйымына ол 2014 жылы келген. Америкалық атақты промоушенде Теодор жеті кездесуде жеңіске жетсе, үш рет ұтылған. 

Соңғы кездесуін Элиас 2019 жылы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша 38 жастағы америкалық Дерек Брансоннан жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: