UFC ұйымының бұрынғы чемпионы өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін

4 наурыз 2022 12:48
©ARIC CRABB/GETTY IMAGES

Ауыр салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Кейн Веласкес бір адам жарақат алған атысқа қатысы бар үшін өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Санта-Клара (Калифорния штаты, АҚШ) прокуроры Джефф Розеннің айтуынша, UFC ұйымының бұрынғы чемпионы адам өлтірді деп айтыпталып жатыр. 

"Веласкес мырза әділдікті өзі орнатуға тырысқан. Осылайша, ол адамдардың өміріне қауіп төндірді. Нақтырақ айтсақ, атыс болған жердегі көлік ішіндегі адамдарға", - деп келтіреді Розеннің сөзін MMAJunkie порталы. 

Осы қылмысына қатысты Веласкес 20 жылға немесе тіпті өмір бақиға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Айта кетейік, Веласкес өзінің туысқанына зорлық-зомбылық көрсеткен адамға от атқан. Бірақ оқ спортшының өгей әкесіне тиіп кеткен. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: