UFC ұйымының бұрынғы чемпионы қатарынан төртінші кездесуде жеңілді

30 тамыз 2020 14:58
Сурет: UFC
Жартылай орта салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Робби Лоулер төртінші кездесуінде жеңіліп қалды.

38-жастағы спортшы UFC Fight Night 175 турнирінде отандасы Нейл Мэгимен кездесті. Бұл кездесу үш раундқа созылды. Бірақ төрешілердің шығарған шешімі бойынша Лоулер 27-30, 27-30, 27-30 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бұл экс-чемпионның соңғы алты кездесудегі бесінші жеңілісі. Ол төрт рет қатарынан жеңіліп отыр.
Метки: