UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Головкинді үлгі тұтқанын мойындады

26 қазан 2021 13:38
©twitter.com/ruthiessmma

Ең жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ресейлік Петр Ян қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді үлгі тұтқанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ян әйгілі отандасы Федор Емельяненко жайлы да пікір білдірді.

"Федор - ММА аңызы. Ауыр салмақта әлемдегі ең мықтылардың бірі. Осындай жаста өнер көрсетіп жүргені мықтылық белгісі. Командасы мен спорт үшін жасап жүргені. Біздің спорт ауыр. Бүгін жеңіп, ертең жеңілуің мүмкін. Мен Федорға теңесуге тырыспайтынмын. Мен ол кезде бокспен айналыстым. Ал ММА-ге келгенімде мұнда басқа буын болды. Бокста мен Майк Тайсон, Рой Джонс, Костя Цзю, Геннадий Головкин, Мэнни Пакьяоға теңесуге тырысқанмын", - дейді Петр Ян MMA Hour бағдарламасының эфирінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport