UFC ұйымының ауыр салмақтағы файтері көз жұмды

14 қараша 2022 11:46
©ESPN

Ауыр салмақтағы UFC файтері америкалық Энтони Джонсон 38 жасында көз жұмды. Бұл туралы ұйымның бұрынғы спортшысы Джейк Шилдс Twitter желісінде хабарлады.

Джонсон UFC чемпиондығына үміткер де болғанын айта кетейік. 

"Жаңа ғана қайғылы хабар жетті, Энтони Джонсон көз жұмды. Жатқан жерің жайлы болсын, бауырым. 

Болған жағдайдың мән-жайын білмеймін. Менің білетінім ол менен жас еді, сондықтан бұл өте қайғылы", - деп жазыпты Шилдс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport