UFC ұйымының аңыз спортшысы грузиялық қарсыласынан жеңіліп қалды

21 тамыз 2022 10:33
©USA TODAY Sports

Солт-Лэйк-Сити (АҚШ) қаласында UFC-278 турнирінде жеңіл салмақтағы бразилиялық Жозе Алдо мен грузиялық Мераб Двалишвили арасындағы кездесу аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесуде төрешілер Двалишвилиге жеңісті берді. Осылайша, грузиялық файтер қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Алдо болса осыған дейін қатарынан үш кездесуде жеңіске жетіп келген еді. 

Еске салайық, 35 жастағы Алдо UFC ұйымының сыйлы файтерлерінің бірі. Ол жартылай жеңіл салмақта ұйымның екі дүркін чемпионы болған. 2015 жылдың 12 желтоқсанына дейін Жозе салмақ дәрежесіне қарамай құрылатын рейтингте бірінші орында болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: