UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) орта салмақта WBA ұйымының "суперчемпионы" жапониялық Риото Муратамен (16-2, 13 KO) кездесетін IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) үндеу жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Головкин кеше Токиоға келіп, жанкүйерлермен кездесті. Ал жекпе-жектің өзі 9 сәуір күні Сайтама қаласында өтеді.
"Батыр, алға kz", деп жазды Морозов Головкинге.
Айта кетейік, бүгін Головкин мен Муратаның жекпе-жек үшін алатын сыйақылары да белгілі болған еді.