UFC ұйымында өнер көрсететін қазақ жігіті Дамир Исмагулов үйленді

10 қыркүйек 2020 12:54
Дамир Исмагулов. Сурет: instagram.com/ismagulov_damir
Атақты UFC ұйымында Ресей атынан өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Исмагулов үйленді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Үйленгені туралы спортшының өзі Instagram парақшасында хабарлады. Ол Сочи қаласындағы Олимпиада жағалауы деп аталатын жерден сурет салды. Шамасы спортшының неке қию рәсімі сол жерде өткен сияқты. 

"Енді той туралы сұрақ қоймаңыздар. 07.09.2020. Үйленген жігіт", - деп жазды спортшы. 



Еске салайық, Исмагулов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін 2018 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. 




Метки: