UFC ұйымында Нурмагомедовтің салмағында жаңа чемпион анықталды

16 мамыр 2021 14:08
Чарльз Оливейра. Сурет: fightwave.ru

Бразилиялық спортшы Чарльз Оливейра жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Осы уақытқа дейін Хабиб Нурмагомедовке тиесілі болып келген белбеу ресейлік спортшы карьерасын аяқтаған соң бос қалған еді. Ол қазан айында карьерасын аяқтайтынын айтқан, дегенмен, жарты жылдай бәрібір чемпион атанып келді. 

Тек наурыз айында UFC Нурмагомедовтен чемпиондық атақты алып, белбеуге Оливейра мен америкалық Майкл Чендлер таласатынын мәлімдеді. 

Бұл жекпе-жек Хьюстон қаласында UFC 262 турнирінде өтті. Бірінші раунд тең дәрежеде өтті. Ал екінші кезеңде Оливейра Чендлерді соққының астына алды. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Чарльзге берді. 

 

Метки: