UFC ұйымында дұрыс бағаланбай жүрген спортшының есімі аталды

14 қыркүйек 2021 14:46
©UFC

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұырнғы чемпины Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз Ислам Махачевті UFC-де дұрыс бағаланбай жүрген спортшы екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, жеңіл салмақта өнер көрсететін ресейлік орта салмақта өнер көрсететін кез-келген қарсыласты жеңе алады. 

"Ислам Махачев - UFC ұйымында ең бағаланбай жүрген спортшы. Ол кез-келген орта салмақтағы қарсыласты жеңе алатынына сенімдімін", - деп жазды Абдель-Азиз твиттер парақшасында. 

Айта  кетейік, Махачев өзінің келесі кездесуін 30 қазан күні Абу-Даби каласында UFC 267 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль дос Аньос болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: