UFC турнирі Қазақстанда өтпейтін болды

Сурет: Allboxing
Қазақстанда жоспарланған UFC Fight Night 177 турнирі өтпейтін болды, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс". Шоу 13 маусым Нұр-Сұлтанға белгіленген еді.

Осылайша, ең жеңіл сламақтағы Петр Ян мен Марлон Мораес арасындағы маңызды жекпе-жек белгісіз күйде қалды.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда ТЖ режимі алынған жоқ, ал көпшілік жиналатын шараларға әзірге тыйым салынған. 
Метки: