UFC топ-15 тізімге кірген Исмағұловқа жазба арнады

©instagram.com/ismagulov_damir

UFC промоушені Дамир Исмағұловтың рейтингте 15-орынға тұрақтағанына қатысты жазба қалдырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Дамир Исмағұлов, тор-15-ке қош келдің", - деп жазды промоушен.

31 жастағы қазақ файтер америкалық лигадағы барлық бес жекпе-жегінде жеңіске жетіп, өз дивизионында ең үздік он бес спортшының қатарына кірді.

Еске салайық, Исмағұлов соңғы рет Швецияның намысын қорғайтын, шыққан тегі грузин спортшысы Гурам Кутателадзені жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport