UFC ұйымының бұрынғы уақытша чемпионы америкалық Тони Фергюсон промоушеннің рейтингінен шығып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Осыған дейін Фергюсон жеңіл салмақта UFC рейтингінде 15-орында тұрған еді. Бірақ жаңартылған рейтингте ол жоқ. Оның орнына 15-орында өзге америкалық Дрю Добер тұр.
35 жастағы Фергюсон жеңіл салмақтағы үздік 15 файтердің қатарында 2015 жылдан бері болған еді.
Айта кетейік, Тони соңғы қыркүйек айында өткізіп, отандасы Нейт Диастан жеңіліп қалды.