UFC тарихында ең жоғары табыс тапқан файтер анықталды

23 сәуір 2020 11:42
Конор МакГрегор. @thenotoriousamma/Instagram
Ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC тарихындағы ең үлкен табыс тапқан спортшылар тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды The Sun.

Басылым мәліметінше, МакГрегор өзінің жекпе-жектері үшін 12 миллион доллар алған. Екінші орында ауыр салмақта жұдырықтасатын голландиялық Алистар Оверим, оның жалпы табысы 8,7 миллион доллар. Ал жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов үшінші. 

МакГрегор - UFC ұйымында екі салмқата чемпион болған. Forbes мәліметінше, 2019 жылы ирландиялық файтер 45 миллион доллар табыс көрген.