UFC супертурниріндегі ең мықты жекпе-жек анықталды

©bloodandsweat.ru

Лас-Вегаста өткен UFC 300 супертурниріндегі ең мықты жекпе-жек пен ең тамаша өнер көрсеткен файтер анықталды, деп жазады Vesti.kz.

Кештің ең мықты айқасы: Джастин Гэтжи vs Макс Холлоуэй (Холлоуэй бесінші раундта жеңіске жетті).

Осы кеште ең тамаша өнер көрсеткендер: Иржи Прохазка мен Макс Холлоуэй (Прохазка екінші раундта Александр Ракичті техникалық нокаутпен жеңді).

Осылайша, Макс Холлоуэй бір кеште 600 000 доллар табыс көрді.

UFC бұрын 50 000 доллар болған ақшалай сыйақы көлемін 300 000 долларға дейін көтерді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport