UFC шектеу қойды. Алмабаев келесі жекпе-жекке қашан шыға алатынын айтты
Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін тезірек өткізгісі келеді. Бұл туралы спортшының өзі Вестник ММА YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін тезірек өткізгісі келеді. Бұл туралы спортшының өзі Вестник ММА YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, Алмабаев промоушендегі алғашқы жекпе-жегін 6 тамыз Нэшвиллдегі UFC on ESPN 50 турнирінде өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды жеңген еді.
- Келесі жекпе-жекке қашан шыққың келеді?
- Бірден Сингапурда айқасқым келді (26 тамызда), бірақ қабағым жарылып, аяғымда жарақат... Сингапурда өтетін турнирге жекпе-жекке шығарыңдар деп сұрағымыз келді. Кіммен болса да. Бірақ UFC өкілдер 30 күн жаттығуға болмайтынын айтты.
- Мүмкін Абу-Дабидегі турнирге сұранып көруге болатын шығар?
- Қазір Абу-Даби барлық билет сатылып кетті. Ол жерде өте атақты спортшылар шығады, олардың арасында менің атым еленбейді. Одан да Америкада өнер көрсетейін. Менеджермен сөйлестім - Нью-Йорктегі турнирге болады дейді, ол жерде Джон Джонс та өнер көрсету керек. Міне осындай турнир маған болады. Дайындыққа да үш ай уақытым бар. Көреміз, бәрі менеджерге, промоушенге байланысты.
Жарнама