Единоборства
26 мамыр 2025 13:26
 

UFC Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды

  Пікірлер

blog.share

UFC Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды ©UFC

UFC комментаторы Джон Аник жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) алдағы жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC комментаторы Джон Аник жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) алдағы жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы – осы салмақта бұрынғы чемпион америкалық Белал Мухаммад (24-4). Аниктің өзі подкастында айтқандай, айқас биыл қазан айына жоспарланып отыр.

Бұған дейін Рахмоновтың командасы да Шавкат жарақатынан кейін октагонға 2025 жылдың күзіне қарай оралады деп мәлімдеген болатын.

Еске салсақ, Шавкат пен Белал әлемдегі ең үздік лига титулы үшін былтыр желтоқсанда жұдырықтасуы керек еді. Бірақ сол кезде Мұхаммед аяғындағы инфекцияға байланысты айқастан бас тартқан. Оның орнына ирландиялық проспект Иэн Гэрри (16-1) шыққан еді, бірақ Рахмонов оны төрешілер шешімімен жеңген.

Белалмен чемпиондық жекпе-жек 2025 жылдың мамырына шегерілген. Алайда бұл жолы Шавкат Гэрримен айқастан соң жарақат алып қалып,ның орнына октагонға аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) шығып, америкалықты жеңді де UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!