1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

MMA
28 қаңтар 14:11
 

UFC ШАвкат Рахмоновқа қатысты ресми шешімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

UFC ШАвкат Рахмоновқа қатысты ресми шешімін жариялады ©Тұрар Қазанғапов

UFC промоушені Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 324 нөмірлі турнирінің қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерді жариялады. Бұл турнир 2026 жылы ұйым өткізген алғашқы ивент болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC промоушені Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 324 нөмірлі турнирінің қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерді жариялады. Бұл турнир 2026 жылы ұйым өткізген алғашқы ивент болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақтағы өзгерістер

Ең ірі ауыс-түйістер жеңіл салмақ дәрежесінде болды. Америкалық Джастин Гэтжи (27-5) уақытша чемпион атанып, рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Еске салайық, аталған турнирде Гэтжи британиялық Пэдди Пимблетті (23-4) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Осы жеңістен кейін бұған дейін рейтинг көшін бастаған ресейлік Арман Царукян (23-3), сондай-ақ бразилиялық Чарльз Оливейра (36-11) мен америкалық Макс Холлоуэй (27-8) бір саты төмен сырғыды.

P4P рейтингінгі де жаңарды

Салмақ дәрежесіне қарамастан үздік саналатын файтерлердің (P4P) рейтингінде ең жеңіл салмақтың чемпионы Джошуа Ван (16-2) өз орнын жақсартты. Америкалық спортшы 11-орынға көтеріліп, орта салмақтағы бұрынғы чемпион - оңтүстікафрикалық Дрикус Дю Плесси (23-3) артта қалдырды.

UFC рейтингтеріндегі қазақстандықтар

Ең жеңіл салмақта Қазақстан намысын қорғап жүрген Асу Алмабаев (23-3) рейтингтегі жетінші орнын сақтап қалды. Осы дивизионда америкалық Алекс Перес (26-10) айтарлықтай ілгерілеп, 10-орынға көтерілді. Айта кетейік, дәл осы Перес Алмабаевтың соңғы қарсыласы болған - былтыр қарашада қазақстандық файтер оны үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді.

Алайда Перес тез арада өз беделін қалпына келтіріп, жылдың алғашқы турнирінде отандасы Чарльз Джонсонды (18-8) бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Қазақстандық файтерлердің көшбасшыларының бірі Шавкат Рахмонов (19-0) октагонда бір жылдан астам уақыт көрінбегеніне қарамастан, жартылай орта салмақ рейтингінде екінші орнын сақтап отыр. UFC 324 нәтижелері бойынша бұл дивизионның топ-15 тізімінде өзгерістер болмады, соның арқасында Рахмонов жоғары позициясын ұстап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!