MMA
Бүгін 10:32
 

UFC рейтингте қалған жалғыз қазаққа қатысты шешімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

UFC рейтингте қалған жалғыз қазаққа қатысты шешімін жариялады Сурет: ©Аян Несіпбеков

UFC қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың жаңартылған рейтингтегі орнын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың жаңартылған рейтингтегі орнын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең жеңіл салмақта ол сегізінші орынға төмендеді. Бұған дейін Алмабаев жетінші орынды ирактық Амир Альбазимен бөліскен еді. Қазіргі таңда дивизион чемпионы - АҚШ атынан өнер көрсететін тегі мьянмалық Джошуа Ван. Ал үздік үштікке бразилиялық Алешандре Пантожа, португалиялық Манель Капе және жапониялық Тацуро Таира кіреді.

Еске салайық, Алмабаев 1 наурыз күні Мехикода (Мексика) UFC турнирінің басты жекпе-жегінде бұрынғы екі дүркін чемпион Брэндон Мореномен кездесуі тиіс болған. Алайда дайындық барысында жарақат алып, айқастан бас тартуға мәжбүр болды.

Pound-for-pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Ислам Махачев (Ресей), Илия Топурия (Испания) және Хамзат Чимаев (БАӘ).

Сонымен қатар, топ-15 қатарына алғаш рет армениялық файтер Арман Царукян еніп, рейтингті қорытындылады.

Тізімнің төменгі бөлігінде де өзгерістер болды: бразилиялық Чарльз Оливейра 11-орынға көтерілді (+1), оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плесси 12-орынға түсті (-1), аустралиялық Джек Делла Маддалена 13-орынға көтерілді (+1), ал ресейлік Магомед Анкалаев 14-орынға төмендеді (-1).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!