UFC рейтингінде топ ондықтағы файтер қазақ спортшымен айқастан бас тартты

28 желтоқсан 11:39
©verybet.ru

UFC ұйымының аса жеңіл салмағының рейтингінде оныншы тұрған америкалық Тим Элиот (21-13-1) қазақстандық Асу Алмабаевпен (18-2) жекпе-жектен бас тартты. Бұл туралы Асудың өзі хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

"Тим Эллиот бас тартты, өйткені ол топ-10 тізімде, ал мен ұйымға енді ғана келдім. Оған жаңадан келген файтермен өзін қауіпке тігіп не керек? Олар өздеріне қарсылас таңдай алатын деңгейде, ал біз тек дебютантпыз - кімді берсе сонымен айқаса береміз", - дейді Алмабаев "Спорт Шредингера" телеграм арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport