UFC рейтингінде Шавкаттан жоғары. Америкалық файтер Рахмоновпен айқас туралы мәлімдеді

©Тұрар Қазанғапов

UFC ұйымының жартылай орта салмақ рейтингінде екінші тұрған америкалық Белал Мухаммад (23-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (17-0) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"Мен титулды жеңіп алғанда, белбеу үшін айқасқа ешкімді кезексіз жібермеймін. Алғашқы қорғауымды мен Шавкат Рахмоновқа қарсы өткіземін. Біз мұнда тарихты жазып, мұра қалдыру үшін жүрміз", - деп береді Белалдың сөзін MMAnews.

Бұған дейін жартылай орта дивизионда UFC чемпионы британиялық Леон Эдвардс (22-3) титулын UFC 300 турнирінде қорғайтыны хабарланды. Ал Белал Мухаммад осы турнирде Эдвардстың қарсыласы болатынына сенімді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport