Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) UFC ұйымының жаңартылған рейтингінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңарту UFC 326 турнирінен кейін жарияланды. Бұл жарыс 8 наурыз күні Лас-Вегас қаласында (Невада, АҚШ) өткен болатын. Турнир қорытындысы бойынша лига барлық салмақ дәрежелеріндегі үздік 15 файтердің және pound-for-pound рейтингін жаңартты.
Нәтижесінде Асу Алмабаев екі сатыға көтеріліп, аса жеңіл салмақта тоғызыншы орыннан жетінші орынға шықты. Ол қазір UFC рейтингінде тұрған Қазақстаннан жалғыз спортшы болып отыр.
Бұған дейін Алмабаев мәжбүрлі үзіліске байланысты бірнеше позициясын жоғалтқан еді. 1 наурызда Мехико қаласында (Мексика) ол кештің басты жекпе-жегінде бұрынғы екі дүркін UFC чемпионы Брэндон Морено (23-10-2) қарсы шығуы тиіс болған. Алайда спарринг кезінде қолын сындырып алып, кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.
Сол себепті рейтингтің екі жаңартуында қазақстандық файтер тоғызыншы орынға дейін төмендеген еді. Енді ол қайтадан жетінші орынға көтеріліп, дәл сол Брэндон Мореноден жоғарлап отыр.

Асу Алмабаев Қазақстан ММА тарихында ерекше орын алады. 2025 жылдың наурыз айында ол UFC турнирінің басты айқасына шыққан алғашқы қазақстандық файтер атанды. Сол кезде ол португалиялық Манел Капемен (22-7) шығып, үшінші раундта нокаутпен жеңілген.
Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 2 қарашасында Дохадағы (Катар) UFC турнирінде өткізді. Ол америкалық Алекс Пересті (26–10) үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Жарнама