Единоборства
9 қазан 07:03

UFC рейтингін жаңартты: Шавкат Рахмоновқа не болды?

©Cooper Neill/Zuffa LLC

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 320 турнирінен кейін әлемнің салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлері рейтингінде (P4P) жаңартулар орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шоудың басты жекпе-жегі жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтті. Бұл кездесуде бразилиялық Алекс Перейра ресейлік Магомед Анкалаевты нокаутқа түсіріп, чемпиондық титулын қайтарып алды. Жеңістен кейін Перейра бірден төрт сатыға көтеріліп, жалпы рейтингте 6-орынға жайғасты. Ал дағыстандық спортшы, керісінше, төрт орынға төмендеп, үздік ондықтан шығып қалды — енді ол 11-ші орында.

Турнирде өнер көрсетпеген кейбір спортшылар да рейтингте орын ауыстырды. Мәселен, жеңіл салмақтың чемпионы Алекс Волкановски бір саты төмендеп, 6-орыннан 7-орынға түсті — оның орнын Перейра басты. Ал орта салмақ чемпионы, Оңтүстік Африка өкілі Дрикус Дю Плесси рейтингке қайта оралып, 11-орыннан 10-орынға көтерілді.

Қазақстандық жартылай орта салмақ өкілі Шавкат Рахмонов өз позициясын сақтап қалды — ол бұрынғысынша 15-орында. Еске сала кетейік, Шавкат 2024 жылдың тамыз айында UFC-дің P4P рейтингінде алғаш рет пайда болып, бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны ығыстырған болатын.

Рахмоновтың соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсанында өткен еді. Онда ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп шыққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport