"UFC рекорды". Нурмагомедов Сен-Пьермен жекпе-жегі үшін қанша ақша алатыны айтылды

3 қыркүйек 2020 15:22
Сурет ғаламтордан алынды.
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов осы ұйымның экс-спортшысы, даңқты канадалық Джордж Сен-Пьермен жекпе-жегі үшін UFC тарихында болмаған сыйақы алуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік спортшының менеджері Али Абдельазиз айтты. 

"Джордж менің досым. Сондықтан Нурмагомедов - Сен-Пьер кездесуін ұйымдастырғым келмейді. Бірақ олар бұл кездесуден UFC тарихында болмаған ақша табуы мүмкін. Әңгіме 20 миллион доллар жайында. Бірақ олар бір-бірімен кездескісі келе ме? Мәселе осында. Дегенмен Хабиб ақша үшін емес, даңқ үшін, келер ұрпаққа мұра қалдыру үшін төбелесетін спортшы", - деді Али. 

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін 24 қазан күні өткізеді. Ол америкалық Джастин Гэтжиге қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді. Бұл Хабибтің карьерасындағы соңы кездесу болып қалуы мүмкін. 



Метки: