UFC Рахмоновтың жекпе-жегі жайлы құлақтандырды

23 маусым 2022 10:54
©championat

UFC Шавкат Рахмоновтың (15-0) аталмыш промоушендегі төртінші айқасы алдында проморолик дайындады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз 26 маусым Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) "Гаитилік сенсация" лақап атымен танымал америкалық Нил Мэгнимен (26-8) кездеседі.

"Рахмонов UFC Vegas 57 турнирінде қатыгез Мэгнимен кездеседі", - деп жазды ұйым.

Сол кеште Рахмоновтан бөлек, қазақстандық Сергей Морозов (17-5) пен Қытайдан шыққан қазақ файтер Сайран Нұрданбек (37-10) кезекті айқастарын өткізеді. Морозов бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) өзара мықтыны анықтаса, Нұрданбек америкалық Ти Джей Браунмен (16-8) күш сынасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport