UFC Eurasia телеграм-арнасы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қайта жаттыға бастағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Шавкат Рахмонов тізесіндегі екінші жарақаттан кейін жаттығуды қайта бастады. Номадтың октагонға оралуын күтеміз", - делінген видео астындағы жазбада.
Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізген болатын. Сол кездесуде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.
Алайда жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшының тізесінде қиындықтар туындап, ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды.
Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта UFC рейтингінің жоғарғы орындарында болған, сондай-ақ салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлер тізіміне (P4P) де енген еді. Бірақ жарақатына байланысты ұзақ уақыт октагонға шықпағандықтан, ол өз дивизионының рейтингінен түсіп қалды. Қазіргі таңда бұл салмақта бірінші орында Иэн Гэрри тұрса, чемпиондық белбеу ресейлік Ислам Махачевте.
Жарнама