MMA
15 мамыр 10:50
 

UFC Рахмоновқа қатысты мәлімдеме жасады: Шавкатқа не қалды?

  Пікірлер

blog.share

UFC Рахмоновқа қатысты мәлімдеме жасады: Шавкатқа не қалды? ©Тұрар Қазанғапов

UFC жартылай орта салмақтағы титулға басты үміткер қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (19-0) күрделі жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC жартылай орта салмақтағы титулға басты үміткер қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (19-0) күрделі жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

11 мамырда аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) америкалық Белал Мухаммадпен (24-4) титулды жекпе-жек өткізді. Кездесу барлық бес раундқа созылып, төрешілердің шешімімен аустралиялық спортшы жеңіп, сенсация болды. Осылайша, Делла Маддалена UFC чемпионы атанды.

Айта кетейік, бастапқыда бұл жекпе-жекте Белал Мухаммадпен Рахмонов кездесуі тиіс болған, алайда жарақатына байланысты қазақстандық файтер айқасқа шыға алмады. Енді промоушен Шавкатқа екі жол ұсынды: чемпиондық жекпе-жектің бергенін күту, не рейтингтегі орнын нықтау үшін тағы бір айқас өткізу.

"Рахмонов жарақатына байланысты Монреальда өткен жекпе-жекке қатыса алмады және чемпиондық айқасқа шығу мүмкіндігін қашан алатыны белгісіз. Ол күте алатын да еді, бірақ, бұл үміт ұзаққа созылып кетуі мүмкін, әсіресе мүмкіндік Махачевке бірінші берілсе.

Көпшілік оны жартылай орта салмақтағы басты үміткер есептейтіндіктен, күте тұруға да болар. Алайда тағы бір айқын жеңіске жету арқылы өз орнын мығымдап алған жақсы. Мысалы, Усман мен Бакли арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен немесе экс чемпиондар Эдвардс немесе Мухаммадпен жұдырықтасуды да мәні бар", – деп жазады UFC-дің ресми сайты.

Еске салайық, америкалық промоушен президенті Дана Уайт әлеуметтік желідегі тікелей эфирде жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачевтің (27-1) титулынан бас тартып, жартылай орта салмаққа ауысатынын мәлімдеген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!