UFC промоушеніндегі қазақ файтердің келесі қарсыласы белгілі болды

16 сәуір 2022 22:36
©Kunlun Fight

UFC промоушнында Қытайдың намысын қорғап жүрген Сайран Нұрданбек келесі қарсыласы кім болатынын білді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Этникалық қазақ спортшы америкалық Тиджей Браунмен күш сынасады. Белгілі болғандай ол Сергей Морозов пен Шавкат Рахмоновтар айқасатын 25 маусым күні өтетін кеште октагонға шығады.

Нұрданбек соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың қараша айында америкалық Шон Сорианға қарсы өткізіп, төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіске жеткен еді. Ал өзінің дебют айқасында Қытай азаматы аустралиялық Джошуа Кулибаоға есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: