UFC промоушені Сергей Морозовтың басты ерекшелегін атады

21 маусым 2022 00:39
©UFC

UFC промоушені қазақстандық жекпе-жек өнерінің шебері Сергей Морозовты кезекті айқасы алдында ресми әлеуметтік желісінде ерекше атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Морозов 25-маусымда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде сынға түседі. Отандасымыз бразилиялық Раулиан Пайвамен өзара мықтыны анықтайды. Бұл кеште тағы бір қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов октагон төріне шығады.

"Сергей Морозов октагонда әдеттегідей әдемі айқас көрсетеді", - деп жазды UFC Russia инстаграм парашасында жүктеген видеосының астына.

Еске салайық, Раулиан Пайва қазақ файтері Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы атанып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport