UFC президенті Ян мен Стерлинг кездесуін қазылық еткен төрешілерді сынға алды

10 сәуір 2022 13:01
©UFC

UFC президенті Дана Уайт Джексонвилл (Флорида штаты, АҚШ) қаласында UFC 273 турнирінде ресейлік Петр Янның (16-3) америкалық Алджамейн Стерлингтен (21-3) жеңіліп қалғанына байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу жеңіл салмақта өтіп, төрешілер жеңісті Стерлингке берді. 

"Төрешілер жекпе-жектің сәнін кетірді. Менде де 3-2 есебі болды. Бірақ Янның пайдасына", - деп келтіреді Уайттың сөзін ММА туралы жазатын журналист Игорь Лазорин өзінің телеграм-арнасында. 

Ал Ян болса кездесуден кейін тағы реванштың керек екенін айтты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport