UFC президенті Дана Уайт Джексонвилл (Флорида штаты, АҚШ) қаласында UFC 273 турнирінде ресейлік Петр Янның (16-3) америкалық Алджамейн Стерлингтен (21-3) жеңіліп қалғанына байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесу жеңіл салмақта өтіп, төрешілер жеңісті Стерлингке берді.
"Төрешілер жекпе-жектің сәнін кетірді. Менде де 3-2 есебі болды. Бірақ Янның пайдасына", - деп келтіреді Уайттың сөзін ММА туралы жазатын журналист Игорь Лазорин өзінің телеграм-арнасында.
Ал Ян болса кездесуден кейін тағы реванштың керек екенін айтты.