UFC президенті шок боп қалды - Жұмағұловтың менеджері

14 шілде 2020 18:47
Дана Уайт. Сурет: UFC©
Жалғас Жұмағұловтың менеджері Саят Әбдірахманов UFC президенті Дана Уайттың Instagram парақшасындағы суретімен бөлісті. 

"Дана таңғалды, мұны растай аламын", - деп жазды Әбдірахманов. 



Өткен демалыс күні өткен UFC 251 турнирінде Жалғас Жұмағұлов төрешілердің шешімі бойынша, бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліп қалған болады. Бұл қазақстандық спортшы үшін UFC ұйымындағы бірінші кездесу. Жекпе-жектен кейін Уайт төрешілердің шешіміне таңғалған тұғын. 

Жекпе-жектен кейін Әбдірахманов UFC ұйымының матчмейкерлері Пайваның пайдасына шешілген кездесудің нәтижесімен келіспейтінін айтты. Ал Жұмағұловтың өзі қарсыласының белден төмен соққы жасағанынан кейін жарақат алғанын айтты. 




Метки: