auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

UFC президенті Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы чемпиондық жекпе-жектің қашан өтетінін айтты

UFC президенті Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы чемпиондық жекпе-жектің қашан өтетінін айтты
Сурет YouTube кадрінен алынды.
Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен жеңіл салмақта UFC чемпионы америкалық Тони Фергюсон арасындағы чемпиондық жекпе-жек 7 сәуір күні АҚШ-тың Бруклин қаласында UFC 223 турнирінде өтеді. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт Toucher and Rich порталына берген сұқбатында айтты. 

Қазіргі бұл жекпе-жекте Фергюсонның уақытша чемпиондық атағы сарапқа салынады ма, әлде толық чемпиондық белбеу ортаға қойылады ма, белгісіз болып тұр. Айта кетейік, қазіргі уақытта жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағы ирландиялық Конор МакГрегорға тиесілі. 

Бұған дейін Уайт МакГрегордың чемпиондық атағынан айырылып қалуы мүмкін екенін айтты. Өйткені, ол 2016 жылдың қараша айынан бері UFC-да әлі бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Оның белбеуі Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы кездесуде сарапқа салынуы ықтимал. Дегенмен де ирландиялық спортшы UFC қайта оралғаннан кейін бірінші кездесуінде-ақ чемпиондық белбеу үшін таласуға мүмкіндік алады. 

Еске салайық, Фергюсон мен Нурмагомедов арасындағы кездесу бұған дейін бірнеше рет ұйымдастырылып, өтпей қалған еді. Соңғы рет екі спортгы арасындағы кездесу өткен жылдың наурызында кездесу керек еді. Алайда, жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда Нурмагомедов салмақ өлшеу кезінде денсаулығын нашарлатып алып, кездесуге қатыса алмай қалды. 

Соңғы кездесуін Нурмагомедв 30 желтоқсан күні UFC 219 турнирінде өткізіп, бразилиялық Эдсон Барбозаны жеңген еді. 










Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама