MMA
16 наурыз 2022 16:54
 

UFC президенті МакГрегордың қашан оралатынын айтты

  Пікірлер

blog.share

UFC президенті МакГрегордың қашан оралатынын айтты ©UFC

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор күзге қарай жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп жазады Sun Sport порталы. 

blog.share

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор күзге қарай жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп жазады Sun Sport порталы. 

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт айтты. 

"Біз Конорды күздің басында қайта оралады деп күтіп отырмыз. Әрине егер бәрі жоспар бойынша болса. Оның аяғы дұрыс жазылса. Көктемнің аяғына қарай ол жаттығуға кірісу керек. Ал жекпе-жекті ол күзде өткізеді", - деді Уайт. 

Айта кетейік, МакГрегор соңға айқасын 2021 жылдың шілде айында өткізді. Ол кезде Конор америкалық Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Екі салмақ бойынша UFC ұйымынң бұрынғы чемпионы болған ирландияық осы кездесуде аяғын морт сындырып алды. 

Биыл МакГрегор 33 жасқа толады. Ол жалпы аралас жекпе-жекте 22 мәрте жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!