Единоборства
1 шілде 2020 10:38

UFC президенті қазақ файтерлер жұдырықтасатын "Жекпе-жек аралын" көрсетті

Сурет: Fight Nights
UFC президенті Дана Уайт "Жекпе-жек аралындағы" инфрақұрылымның бір бөлігін көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ұйым басшысы өзінің Instagram аккаунтында жариялаған видеода файтерлердің коронавирус тапсыратын орындары мен аренаның орналасқан жерін көрсетті. 

Еске салайық, Әбу-Дабидегі "Жекпе-жек аралында" өтетін алғашқы UFC 251 турнирі 11 шілдеге белгіленген. Бұл шоуда қазақстандық Жалғас Жұмағұлов, ал 25 шілдеде Шавкат Рахмонов әлемдік промоушендегі алғашқы жекпе-жектеріне шығады.