UFC президенті қатарынан екі жеңіске жеткен Қазақстан тумасының өнеріне таңырқады

20 шілде 2020 12:31
©UFC
UFC ұймының президенті Дана Уайт қырғызстандық Рафаэль Физиев пен британдық Марк Диакиси арасындағы кездесуге таңырқады. 

Бұл екі спортшы арасындағы жекпе-жек 19 шілде күні Абу-Даби қаласында UFC Fight Night 172 турнирінде өтіп, Физиевтің жеңісімен аяқталды. Екеуі де жақсы жекпе-жек өткізгені үшін қосымша  50 мың доллар сыйақы алды. 

"Жекпе-жек керемет болды. Екі спортшы да шоу көрсетті. Екеуіне де құрмет білдіремін. Аяғымен жасаған соққы ауыр болды. Мұндай қатты дауысты мен өмірімде ешқандай кездесуде көрген емеспін. Физиев мықты кездесу өткізді", - деді Уайт ESPN арнасына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, 27 жастағы Физиев Диакисиді төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл оның UFC-дегі екінші жеңісі еді. Бұл ойында қырғызстандық спортшы 2019 жылы бірінші кездесуін өткізіп, ресейлік Магомед Мустафаевтан жеңіліп қалды. Ал өткен жылдың қазан айында америкалық Алекс Уайттан айласын асырды. 

Жамбылдың Қордай ауданында дүниеге келген Физиев үшін бұл аралас жекпе-жектегі сегізінші жеңісі еді. Диакиси болса төртінші рет жеңілді. Ол 14 рет жеңіске жеткен. 




Метки: