UFC президенті Жұмағұлов жұдырықтасқан турнир төрешілеріне ашулы

14 шілде 2020 10:07
Сурет: MMABoxing.ru
UFC президенті Дана Уайт Абу-Дабидегі UFC 251 турнирінде өткен Петр Ян мен Жозе Альдо арасында өткен титулды жекпе-жектегі төрешінің әрекетіне наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Mmafighting.com.

Ресейлік файтер бесінші раундта техникалық нокаупен жеңіп, жеңіл салмақта чемпионы атанды. Уайттың ойынша, бразилиялық экс-чемпион бесінші раундта қатты соққылар алғандықтан төреші жекпе-жекті ертерек тоқтату керек еді. 

"Альдо жақсы жұдырықтасты, адамдар оны сынап, титулды айқасқа лайық емес десе де. Ал төрешінің жекпе-жектегі ісі өте нашар. Кездесуді ертерек тоқтату керек болатын. "Жауынгерлер аралындағы" төрешілердің біліктілігін арттыру керек сияқты", - дейді Уайт турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында. 

Атақты маман Жұмағұлов жұдырықтасқан UFC турниріндегі төрешілер кемшілігін ашық айтты