Ресейлік файтер бесінші раундта техникалық нокаупен жеңіп, жеңіл салмақта чемпионы атанды. Уайттың ойынша, бразилиялық экс-чемпион бесінші раундта қатты соққылар алғандықтан төреші жекпе-жекті ертерек тоқтату керек еді.
"Альдо жақсы жұдырықтасты, адамдар оны сынап, титулды айқасқа лайық емес десе де. Ал төрешінің жекпе-жектегі ісі өте нашар. Кездесуді ертерек тоқтату керек болатын. "Жауынгерлер аралындағы" төрешілердің біліктілігін арттыру керек сияқты", - дейді Уайт турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Атақты маман Жұмағұлов жұдырықтасқан UFC турниріндегі төрешілер кемшілігін ашық айтты