UFC президенті Хамзат Чимаевтың келесі кездесуі қашан өтетінін айтты

2 наурыз 2022 14:20
©UFC

UFC президенті Дана Уайт Шешенстанда дүниеге келіп, қазір Швеция елінің намысын қорғайтын Хамзат Чимаев пен бразилиялық Гилберт Бернс арасындағы айқастың қашан өтетінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Уайттың айтуынша, Чимаев пен Бернс арасындағы айқас 9 сәуір күні Флорида штатында Джексонвилл қаласында өтеді. 

Еске салайық, Хамзат соңғы кездесуін UFC 267 турнирінде өткізіп, қытайлық Ли Джинлиангтан айласын асырды. Бұл оның аралас жекпе-жектегі оныншы жеңісі болып тіркелді. 

Ал Бернс болса соңғы айқасын өткен жылы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Стивен Томпсоннан үстем түсті. Ал ақпан айында бразилиялықтың чемпион болатын мүмкіндігі болды. Бірақ ол Камару Усманнан жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport