UFC президенті Хамзат Чимаевтің келесі қарсыласы кім болатынын айтты

1 наурыз 2022 14:18
©ufc

Шешенстанда дүниеге келіп, қазір Швецияның намысын қорғайтын Хамзат Чимаев (10-0) келесі кездесуін Гилберт Бернспен (20-4) өткізеді, деп жазады "Вестник ММВ" телеграм-каналы. 

Бұл кездесу 10 сәуірге UFC 273 турниріне жоспарланған. Мұны UFC президенті Дана Уайт та растады. 

27 жастағы Чимаев жеңілмеген спортшы. Ол он кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның төртеуі UFC ұйымында тіркелді. 

Соңғы кездесуін Хамзат UFC 267 турнирінде өткізіп, қытайлық Ли Джинлиангтан айласын асырды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport