UFC президенті Дана Уайт коронавирус жұқтырып алды

2 желтоқсан 2021 16:20
©UFC

UFC президенті Дана Уайт коронавирус  жұқтырып алды, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. Ол вирусты отбасылық жиын кезінде жұқтырған екен. 

"Біз Алғыс айту күні менің Кэйндегі үйіме бардық. Бұл біздің дәстүрге айналған әдетіміз еді. Сол жерде біреу вирус жұқтырып алған екен. Бірақ мен антисептик қолданғаннан кейін ештеңе сезбедім. Дегенмен кейін тест тапсырдым. Сол кезде вирус жұқтырғаным анықталды", - деді Уайт. 

Енді ол UFC Vegas 44 турниріне қатыса алмайды. Уайттың айтуы бойынша, ол осыған дейін вакцина алған екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: