UFC Нурмагомедов - Гэтжи жекпе-жегінің ресми постерін көрсетті

30 қыркүйек 2020 11:13
Сурет: Fightnews.info
UFC жеңіл салмақта ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жекке арналған постерді жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

24 қазан Абу-Дабидегі Жауынгерлер аралында өтетін жекпе-жек UFC 254 турнирінің басты шоуы болады. 



Хабиб кейінгі жекпе-жегінде Дастин Порьені жеңген, ал Гэтжи мамырда отандасы Тони Фергюссоннан басым болды.

Сондай-ақ осы турнирде қазақстандық спортшылар Сергей Морозов пен Шавкат Рахмонов UFC-дегі бірінші кездесулерін өткізеді.