UFC Морозовтың жекпе-жегін ресми хабарлады

9 маусым 2022 20:09
©UFC

UFC ұйымы қазақстандық файтер Сергей Морозовтың келесі жекпе-жегін ресми хабарлады.

Отандасымыз әлемнің ең үздік лигасындағы кезекті жекпе-жегінде бразилиялық Раулиан Пайвамен кездеседі. Морозов — Пайва жекпе-жегі 25 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Пайва қазақстандық ММА жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 2020 жылы Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport