UFC Махачев пен Волкановски жекпе-жегі жайлы ресми хабарлады

11 қазан 2023 13:23
©Zuffa LLC

UFC файтері Чарльз Оливейра промоушеннің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жекке шықпайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Overdogs подкастының мәліметінше, Оливейра Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турниріне қатыспайды, ол жаттығу кезінде қасын жарып алған көрінеді. 

Енді оның орнын аустралиялық Александр Волкановски басып, Махачевпен жұдырықтасады. Айта кетейік, 2023 жылы Ислам Волкановскиді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Енді алдағы айқас қарымта кездесу болмақ. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: