auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

UFC комментаторы МакГрегор - Нурмагомедов жекпе-жегінен кейінгі төбелесті бастаған кім екенін айтты

UFC комментаторы МакГрегор - Нурмагомедов жекпе-жегінен кейінгі төбелесті бастаған кім екенін айтты
Джо Роган және МкГрегор. © FightTime
UFC комментаторы Джо Роган ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедовтың UFC 229 турнирінде ирландиялық Конор МакГрегордың командасымен жанжалдасуына қатысты пікірін айтады, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Лас-Вегаста өткен жекпе-жек төртінші раундта тоқтатылды. Нурмагомедов тұншықтыру әдісін қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Жекпе-жек аяқталысымен ресейлік октогоннан секіріп шығып, МакГрегордың досы Диллон Дэниске тап берген. Мұның арты жаппай төбелеске ұласты. 

Роган төбелесті бастаған осы Дэнис деп отыр. Комментатор Нурмагомедовтың октагоннан секіріп түскенде өз көзіне сенбегенін айтады. 

"Диллион үнемі Хабибтің намысына тиетін, арандатып жүретін, Хабиб тордан секіріп түсіп оған тап берді. Өз көзіме сенбедім. Хабиб тордың үстіне шығып: "Жоғал!" - деп қана айтады деп ойладым", - дейді Роган. 

"Мен жекпе-жектерде істеп келе жатқалы мұндай сұмдықты көрмедім", - деп атап өтті 1997 жылдан бері UFC ұйымымен серіктес болған 51 жастағы Роган. 

Мұның алдында Нурмагомедов октогон сыртындағы төбелеске қатысты пікір білдірген. Ресейлік МакГрегорге баспасөз мәслихатында айтылған сөздер мен сәуірдегі автобусқа шабуылды есіне салды. Ол кешірім сұрағанымен, оны белбеуден айырып, АҚШ-қа кіруіне тыйым салуы мүмкін. 

Ал МакГрегор Нурмагомедовпен қарымта жекпе-жек өткізу жоспарын айтты. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама